Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Қызылорда облысында тұрғындардың 73 пайызы вакцина алды

21 Сентябрь 2021 12:39

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 73,2 пайызы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері облыстағы санитарлық эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Дегенмен сақтық шараларына салғырт қарауға әлі ерте.

Пандемия басталғалы бері өңірде коронавирус инфекциясымен 17 403 науқас тіркелген. Олардың 92 пайызы дерттен толық емделіп шықты.

«Қазіргі таңда облыс азаматтарын вакцинациялау жұмыстары жалғасын табуда. 1 ақпан мен 19 қыркүйек аралығында аймақта вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны - 294 178. Ал 247 689 адам екпенің екі компонентін де алған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.

Облыста екпе қабылдауға қабілетті 401 мың адам бар деп есептелген.

Айта кету керек, Қызылорда облысы бойынша 20 медициналық мекемеде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 3 607 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған.




Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Қызылорда облысы, Коронавирус, Вакцина,
Юқорига