Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Дания барлық шектеулерді алып тастады

25 Октябрь 2021 21:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дания ел тұрғындарының 85% астамын коронавирусқа қарсы егіп, барлық шектеулерді ала бастады. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дания Еуропалық одақ елдері арасында коронавирусқа қарсы вакцинацияның жоғары деңгейін көрсетуде. Осылайша ел пандемия режимінен шығып, шектеулерді алып тастауда. Бұдан былай ел билігі COVID-19 вирусын ресми түрде «қауіпті ауру» деп санамайды деп мәлімдеді. Дүкендер Рождество мерекесіне бетпердесіз және әлеуметтік қашықтықсыз дайындалуда. Дәмханалар мен мейрамханаларға бару үшін QR-кодтар мен вакцинация сертификаты қажет емес. Елде 12 жастан асқан халықтың 85% астамы толық егілді. 60 жас тобындағы барлық дерлік тұрғын вакцина алды. Айта кету керек, вакцинация бойынша мұндай жоғары көрсеткіш Норвегия мен Швецияда да бар.

Израиль үкіметі 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егуге дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінде түсіндіру науқаны бойынша дайындық жүруде. Түпкілікті шешім АҚШ-тың, атап айтқанда FDA сараптама комиссиясының 5 жастан бастап 28 миллион америкалық баланы иммундау үшін Pfizer вакцинасын қолдануға шұғыл лицензия беру туралы шешім қабылдауына қатысты болмақ. Егер вакцинация АҚШ-та мақұлданса, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі де бұл мәселеге рұқсат беретін болады.


Юқорига