Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Конституциялық құқық еш бұзылған жоқ – Ералы Тоғжанов вакцинация шаралары туралы

23 Июнь 2021 19:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Міндетті вакциналау жөніндегі шаралар вакцина алмағандарды кемсітуге әкеп соқпай ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Міндетті вакциналау туралы сіз ұсынған шаралар іс жүзінде вакцина алмағандарды кемсітушілікке әкеп соғады деген пікір бар. Бұған не дейсіз? Бұл вакциналау паспорттары мен ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасауды арттырады деп есептемейсіз бе?», - деп сұрақ қойды журналист ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Ералы Тоғжанов Конституциялық құқық еш бұзылмағанын атап өтті.

«Бірінші кезекте, Конституция бойынша біз азаматтарымыздың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан қабылданған мұндай шаралар барлық азаматтарға емес, қызмет көрсету саласына, күн сайын көптеген азаматтармен байланысатын адамдарға қатысты. Дәл осы санаттағы адамдар көрсетілетін қызметке келетін азаматтарымызға үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бір жағынан – жұмысты тоқтатпау «Атамекеннің», кәсіпкерлердің өтініші еді, біз қол ұшын создық. Сондықтан осындай шешім қабылданды», - деді Е. Тоғжанов.

Ералы Тоғжанов медициналық қарсы көрсетілімдерді қоспағанда, адамдарға таңдау еркіндігі берілетінін айтты.

«Егер адам вакцинадан бас тартса, онда ПТР-тестілеуден өтуі керек. Біз Үндістандағы, басқа елдердегі жағдайды ескере отырып, қауіпке, үлкен қатерге жол бере алмаймыз. Біз азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз», - дейді Е. Тоғжанов.


Муаллиф Айжан Серікжанқызы
Калит сўзлар: Коронавирус, Вакцина, ҚР Үкіметі,
Юқорига