Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көктайғақ: Өскемен мен Семей арасында жол жабылды

7 Декабрь 2021 10:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы жабылып, «Омбы-Майқапшағай» тасжолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 06.30-дан бастап өңір бойынша ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты жол жабылды.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының арасы) автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. Сондай-ақ республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасы) тіркемесі бар жүк көліктерінің және автобустардың қозғалысы шектелді», - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Юқорига