Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кинематография туралы заң шикі – Есетжан Қосыбаев

23 Май 2022 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Кинематография туралы» заңға түзетулер мен өзгертулер енгізу қажет. Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәжілісмендермен және сенаторлармен кездесуге дайындалып жатырмыз. Онда осы заңға («Кинематография туралы» заң) қатысты ең өзекті әрі маңызды сұрақтарды талқылайтын боламыз. Қазіргі уақытта қызу талқыға түскен заңды дәл осы күйінде кері қайтарып алу керек деп санаймыз. Оны қыркүйекте Мәжілістің жаңа сессиясына енгізу үшін пысықтап, өзгерту қажет. Заңда талқылауды әрі реттеуді қажет ететін көптеген мәселе басы ашық күйінде қалып отыр», - деді орталық басшысы.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдар мен кинематографистер қоғамдастығын жалпы үйлестіруге қатысты мәселе де өткір тұр.

«Қоғамдық ұйымдарымыз, Кинематографистер одағы мен Кинематография академиясы бүгінде бәрін толғандырып жүрген мәселелерді айтып жүр. Мен оларды толықтай қолдаймын. Өйткені, олар кинематография қауымдастығының басым бөлігінің пікірін білдіреді. Әрине, заңгерлерге де жұмыс көп. Бірақ, тың көзқарасты сарапшыларды да шақыруға болады. Заңшығармашылықта тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін кинематографистердің бүкіл талабына мүмкіндігінше жауап беретін, барлық өзекті сын-тегеурінді көрсететін жаңа заң жасауға бар күш-жігерді шоғырландыру керек», - деді ол.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Мәдениет, Өнер, Заң,
Юқорига