Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның өрт сөндіру қызметі қандай техникамен жарақтандырылған

29 Июль 2021 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігінің балансында өрт кезінде шұғыл қимылдайтын 8 су бүріккіш тікұшақ, 21 ұшқышсыз ұшатын аппарат бар.

Бұл туарлы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің балансында өрт кезінде әуеден су шашатын құрылғы орнатылған 8 тікұшақ және жағдайды жедел барлауға арналған 21 ұшқышсыз ұшатын аппарат бар. Ірі өрттер туындаған жағдайда министрлік өңірлерде жол талғамайтын әрі сыйымдылығы үлкен автоцистернамен жарақталған өртке қарсы жасақтар құра алады», - деді Марат Хасенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның мәліметінше, табиғи өрт туындаған жағдайда министрлік бірнеше министрліктің жеке құрамынан көмек күшін тартуға құқылы.

«Ведомстволардың күшін біріктіру арқылы бір жолда 43 мың адамды жұмылдыра аламыз. Төтенше жағдайлар министрлігінен – 1 798 адам, Ішкі істер министрлігінен – 3 567 адам, Экология, геология және табиғаи ресрустар министрлігінен – 3 663, Қорғаныс минстрлігінен – 301, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен – 1 550, әкімдіктерден – 32 844 адам шығаруға болады. Ал техниканың жиынтығы 9 мыңға жетеді. Оның ішінде 46 өрт сөндіру пойызы бар», - деді комитет төрағасының орынбасары.


Муаллиф Есімжан Нақтыбай
Калит сўзлар: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Қоғам,
Юқорига