Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Білім министрлігі оқушылар тоқсан бойы онлайн оқиды деген пікірге нақты жауап берді

17 Январь 2022 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің үш қаласында мектеп оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мектепте үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Біздің министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды. Үш қалада, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте үшінші тоқсан қашықтан оқыту форматында басталды. Бірақ бұл

мектеп оқушылары үшінші тоқсан бойы онлайн режимде білім алады дегенді білдірмейді. Эпидахуал жақсарған жағдайда санитарлық дәрігерлер офлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдайды», - деді Гүлшмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, басқа өңірлерде де 600-ден көп оқушысы бар мектептер қашықтан оқуға көшуі тиіс.

«1-2 сынып оқушылары олардың жас ерекшелігін ескере отырып сабақты мектепке келіп оқиды. 3-5 сынып оқушылары кезекші топ форматында білім алады. Ал қалған сыныптар қашықтан оқуға көшуі тиіс. Сондай-ақ, мектепте 600 оқушыдан аз болса, ол мектепке дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат», - дейді ол.


Юқорига