Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы халықаралық турнирде бесінші болды

23 Январь 2022 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның Оберстдорф қаласында мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Ерлер арасында жекелей сайыс бойынша Қазақстан сапынан Рахат Бралин қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қос бағдарлама нәтижесінде Бралин 140,25 ұпайы жинады. Жарыс қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш отандасымыздың турнир кетесінде бесінші орынға жайғасуына мүмкіндік берді.

Айта кетерлігі, аталған дода польшалық Владимир Самойлов топ жарды. Австрия өкілі Люк Майерхофер екінші орыннан көрінсе, Германия спортшысы Кай Ягода үшінші орынға иелік етті.


Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига