Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы экипаж командирі атанды

1 Август 2021 21:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аға лейтенант Ардана Ботай Су-30СМ көпфункционалды жойғышының экипаж командирі ретінде алғашқы жеке ұшуын орындады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов дербес ұшуға рұқсат беретін практикалық емтиханды қабылдады.

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында Су-30СМ жауынгерлік ұшағында экипаж командирі ретінде дербес ұшуды алғаш рет әйел адам орындады. Оның бұған жақсы дайындалғанын, көк аспанды бағындыруға деген ұмтылысын, жойғыш ұшқыш ретінде мемлекетіміздің әуе шебін күзетудегі міндеттерді орындап жүргенін атап өткен жөн. Ол жауынгерлік авиациядағы әйелдердің ерлермен тең дәрежеде күрделі міндеттерді орындай алатынын дәлелдеді, - деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.


Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы Қарағанды авиабазасында қызмет етеді. Бірнеше ай бойы Ардана Талдықорған қаласындағы авиация базасында арнайы оқудан өтті.


- Су-30СМ ұшағымен жеке ұшу мен үшін кәсіби тұрғыда қалыптасуға жасаған үлкен қадам. Алдағы мақсатым техниканы жақсарту және жер үстіндегі, әуедегі мақсаттарға және топтық ұшуларға жауынгерлік қолдануға рұқсат алу үшін әрі қарай даярлық бағдарламасына машықтану дағдыларын пысықтау, - деп Ардана Ботай болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.


Аталған Су-30СМ – көпфункционалды 4++ буынды жойғыш ұшақ. Ол кез-келген ауа-райы жағдайында, күндіз-түні әрекет етуге қабілетті. Әуе барлауын жүргізуге, әуеде, жер үстінде және теңізде нысандарды жоюға арналған.


Жоғары маневрлі жойғыш ұшақпен ұшуға рұқсат алу үшін бірнеше ай бойы теориялық білім алып, арнайы Су-30СМ тренажерында жаттығады, штурман ретінде ұшады. Көптеген сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырған соң ғана, тәуелсіз ұшуға рұқсат алады.


Калит сўзлар: ҚР Қорғаныс министрлігі, Әскер,
Юқорига