Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда вакциналау міндеттеле ме

23 Июнь 2021 18:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Елде вакциналау міндеттелуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, ПТР тестілерден өту емес, бәріміз вакцина алғанымыз дұрыс болады. Сіздер де бұл бағытта қолдау көрсетесіздер деп ойлаймын. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Ал қалғаны эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Қатаң нұсқаларға жол бере алмаймыз», - деп жауап берді спикер ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осыған байланысты спикер ведомствоаралық комиссияның вакцина салдыру бойынша алғашқы қадамдар жасағанын атап өтті.

«Ведомствоаралық комиссияда қаралған шаралар қабылданды. Іс жүзінде барлық өңірлерде бірінші кезекте қызмет көрсету саласында маңызды қадамдар қабылдау бойынша жедел дайындық жүріп жатыр, ол туралы біз сіздермен сөйлестік. Сондықтан біздің алдағы әрекеттеріміз осы жұмыстың нәтижелеріне байланысты болады. Біз осының бәрін қадағалайтын боламыз және сіздер де хабардар боласыздар», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.


Юқорига