Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда ревакцинация мәселесін арнайы жұмыс тобы қарап жатыр

27 Сентябрь 2021 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус індетімен күресте қайта вакциналациялау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ревакцинация қазір әлем елдерінің алдында тұрған мәселенің бірі. Бүгінде елімізде санэпидемқызметтің мамандары, ғалымдар мен дәрігерлерден құрылған жұмыс тобы құрылды. Өз кезегімізде жетекші халықаралық агенттіктер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат сұраттық. Халықаралық тәжірибе назардан тыс қалмайды. Тағы бір жайт, қазіргі уақытта ревакцинацияға қатысты нақты критерийлер жоқ, өйткені COVID-19 ревакцинациясы бұл жаңа дүние. Барлық деректерді жинақтап, иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның қорытындысынан кейін ревакцинация туралы жалпы жұртшылыққа нақты ақпарат берілетін болады», - деді Алексей Цой ҚР Үкіметі үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қажет жағдайда ревакцинацияға еліміздің медициналық нысандары мен мамандары толық дайын.


Юқорига