Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда қанша оқушы коронавирусқа қарсы вакцина алды

17 Январь 2022 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қанша мектеп оқушысы COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 353,5 мың оқушы (12 мен 18 жас аралығы) коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл еліміз бойынша екпе алуға рұқсат етілген жасөспірімдердің 27,7 пайызын құрайды. Екінші компонентті 182 257 оқушы алды. Пайызбен шаққанда 14,5 құрайды. Жасөспірімдер арасында вакцина алу жағынан көшті Түркістан облысы бастап тұр. Ондағы оқушылардың 90 пайызы екпенің бірінші компонентін алды. Одан кейін ШҚО тұр. Аталған облыста жасөспірімдердің 82 пайызы вакцина салдырды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, оқушылар арасында вакцина алу процесі қарқынды жүріп жатқанына қарамастан мектепте карантин талаптары сақталуы тиіс.

«Мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сақтық шараларын естен шығармау керек. Тазалық жұмыстары, маска тағу және арақашықты сақтауды ұмытпаған жөн. Сондай-ақ елдегі эпиджағдайға байланысты мектеп қабырғасында көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралар өткізуге тыйым салынады», - дейді ол.

Аталған брифингіде Білім министрлігі 3-тоқсанда оқушылардың білім алу форматына қатысты түсінік берді.

Сондай-ақ министрлік 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуды ұсынды.

Одан бөлек, «елде болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе?» деген сауалға жауап берілді.


Юқорига