Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

26 Сентябрь 2021 12:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өтіп бара жатқан апта ішінде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының жаңа орынбасары қызметіне кірісіп, Қазпоштаға жаңа басшы тағайындалды. Сонымен қатар отандық телеарналарда да кадрлық ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат оқырман назарына осы апта ішіндегі жаңа тағайындауларға шолу ұсынады.

Сонымен ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бақытжан Слямов тағайындалды.

Слямов Бақытжан Оразғалиұлы, 1983 жылы туған. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы «Жеті Жарғы» ЖШС заң фирмасында заң кеңесшісінен бастап, директорға дейін жетті. 2009 жылдың қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің Кеңсесінде мемлекеттік қызметке депутаттың көмекшісі ретінде қабылданды, онда 2014 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді. 2014 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, кеңесші, инспектор болып жұмыс істеді. 2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары және ішкі басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Серік Болатұлы Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне кірісті.

Серік Саудабаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы аға заң кеңесшісі қызметінен бастаған.

2002-2003 жылдары — «Астанателеком» кеңейтілген сервис орталығының инженері.

2003-2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

2010-2014 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директоры.

2014-2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ көлік-коммуникация активтерін басқару жөніндегі бас директордың орынбасары.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ «Коммуникациялар» дирекциясының директоры.

2010 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы ақпанға дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі. 2010 жылғы шілдеден 2014 жылғы наурызға дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі. 2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2021 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Kcell» Директорлар кеңесінің мүшесі. 2017 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «QazCloud» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен журналист Мақпал Жұмабай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақпал Жұмабай Корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді.

«Qazaqstan телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, «Balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. 2018 жылдан бүгінге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарып келді.

Ал Қымбат Досжан «Балапан» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар.

«Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі болып істейді.

М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ерболат Мұхамеджан «Atameken TV» арнасы бас продюсерінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі және ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Тағайындау,
Юқорига