Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

1 Август 2021 12:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы апта ішінде елімізде бірнеше кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат агенттігі шілденің соңғы аптасындағы тағайындауларға шолу ұсынады.

Апта басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды. Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е. Қарашөкеевтің бұйрығымен АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында салық инспекторы болып бастаған. 2001 жылы Зеренді ауданы бойынша салық басқармасы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды. Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің ситуация орталығының консультантының міндетін атқарушы, консультанты болды. 2016-2021 жылдары — VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. 2021 қаңтар айынан наурыз айына дейін — ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі. 2 наурызда Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Сонымен бірге, бұл аптада «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы болып Еркін Базарханов тағайындалды. «Қазтеміртранс» АҚ - ҚР жүк вагоны паркінің ірі операторы. Компания жүк вагондарымен қамтамасыз ету, темір жол көлігін жалға беру, металл жиынтықтарын сақтау және пайдалануға берумен айналысады.

Еркін Базарханов бұрынғы Талдықорған облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Тұран» университетін, «тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы», «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысы Үштөбе қаласы «Самал» шағын кәсіпорнының директоры болып бастаған. Түрлі жылдары әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. 2009-2013 жылдары Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болған. 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Темірязев ауданының әкімі болып жұмыс істеген. ҚР Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.

Өңірлер бойынша, Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары лауазымына Вадим Басин тағайындалды. Ол энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. 1985 жылы «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы «Өнеркәсіптік электроника мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады. Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 жылы «Испат-Кармет АҚ бас энергетигі болды. 2011 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды. 2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді. Вадим Басин «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім болып Салауат Өтеғұлұлы Өтеғұлов тағайындалды.

Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын экономист, 2015 жылы Батыс Қазақстан инжеренерлік-гуманитарлық универститетін заңгер мамандығымен бітірген. Еңбек жолын 2006-2007 жылдары облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасында бас маман болып бастаған. 2007-2019 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, кейіннен аталған басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған. Ал, 2019 жылдың шілдесінен бері Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Ал Қызылорда облысының әкімінің өкімімен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметіне Медет Усаин тағайындалды.

М. Усаин 1987 жылы дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2012-2016 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған. Ал 2016-2020 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарса, 2020 жылдың мамыр айынан облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болды.

Сондай-ақ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын бұдан былай Мейрам Меңдібаев басқармақ.

Мейрам Жақсылықұлы 1971 жылы 6 қарашада СҚО М.Жұмабаев ауданында туған. Петропавл есеп-экономикалық техникумын «техник-құрылысшы», Көкшетау университетін «юриспруденция» және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін «жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы СҚО бұрынғы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған. Кейін Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi, Булаев қаласы әкiмi аппаратының бас маманы, СҚО жер ресурстарын басқару комитетiнiң бас маманы, СҚО М.Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмiнiң бастығы, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлiмi бастығының орынбасары, СҚО әкiмдiгi жер инспекциясы басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2018 жылғы қарашадан осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы болды.


Муаллиф Айжан Серікжанқызы
Калит сўзлар: Қоғам, Тағайындау,
Юқорига