Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 6 млн-нан астам адам толық вакцина алды

17 Сентябрь 2021 08:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 17 қыркүйектегі мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап..

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 228 047 адам салдырды, II компонентті 6 059 729 адам егілді.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.


Юқорига