Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейс саны артады

15 Сентябрь 2021 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер мен бағыттар саны артады. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан – Мәскеу және Алматы – Мәскеу бағыттарында әуе рейстері санын арттыру, сондай-ақ екі ел өңірлері: Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Санкт-Петербург, Махачкала, Грозный, Калининград, Новосибирск, Омбы қалалары арасында рейстерді ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан жағынан рейстерді «Air Astana», «SCAT», «Qazaq Air» және «Fly Arystan» әуе компаниялары орындайды. Қазіргі уақытта ұшу кестелері әзірленіп жатыр.

2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер санын аптасына 54-ке дейін ұлғайтуға рұқсат етілді.

Юқорига