Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Мажарстан аумағында QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды

26 Октябрь 2021 15:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Мажарстан аумағында QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мажарстаннан келген өкілетті бизнес-делегацияның және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен ірі бизнес форум өтті. Іс-шара барысында медициналық туризм, ауыл шаруашылығы, «жасыл энергетика», көлік және логистика салаларында бірқатар маңызды инвестициялық меморандумға қол қойылды.

«Біздің елдеріміз коронавирус пандемиясы кезінде бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Өздеріңізге мәлім, биылғы маусымнан бастап Қазақстан мен Мажарстан вакциналау паспорттарын өзара тану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Біз отандық QazVac вакцинасын Мажарстан аумағында қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсындық», - деді М. Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрлігінде Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варгамен кездесуде.

Бұған дейін министр қос мемлекет арасындағы саяси диалог жоғары деңгейде екенін, Қазақстан мен Мажарстан бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келе жатқанын айтқан еді.


Юқорига