Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Елшісі Бельгия Короліне сенім грамоталарын тапсырды

23 Июнь 2021 22:18

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Король сарайындағы аудиенция барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебіздерін жеткізді.

Елші Президент Қ.Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформалар, Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы айтты, сондай-ақ Король Филипппен және оның әкесі Король Альберт II-мен жылы достық қатынаста болған Н. Назарбаевтың Қазақстан-бельгия ынтымақтастығын қалыптастырудағы тарихи рөлін атап өтті», - делінген СІМ мәліметінде.




Өз кезегінде, Король Филипп Президент Қ. Тоқаев пен Елбасы Н. Назарбаевқа және барша қазақстандықтарға игілік тілеген.

Бұдан бөлек, тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси, сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, пандемиямен күресу және халықты егу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын атап өтті.


Калит сўзлар: Дипломатия, Қазақстанның сыртқы саясаты, ҚР СІМ,
Юқорига