Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады

8 Декабрь 2021 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жасөспірімдерге не үшін вакцина салдыру қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері біздегі жалпы сырқаттану статистикасында балалардың үлесі - 17,5%. Мектеп оқушылары арасында сырқаттарды алып қарасақ, жыл басынан бері 3 554 оқушы ауырған. Жалпы көрсеткіштің 32,3%-ын 12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер құрайды», - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, балалар арасында дәл осы жас тобы коронавирус инфекциясына өте сезімтал келеді.

«Вирус жұқтыру бойынша екінші топ – 12-14 жастағы балалар (21%). Сондықтан бұл жас тобы да вакциналау үшін қабылданды. Сонымен қатар, ДДСҰ балаларды вакциналау үшін Pfizer вакцинасын ұсынды, өйткені ол осы жас санатына вакцина жасауда өте жоғары тиімділік көрсетті», - деді С. Бейсенова.


Юқорига