Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды

20 Май 2022 12:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1994 жылдан бастап Ішкі істер органдарында қызмет етеді.

Еңбек жолын жол полициясы патрульдік қызметі батальонының инспекторы лауазымынан бастады.

1997 жылдан ҚР ІІМ жол полициясы басқармасында жұмыс істеді, сонымен қатар министрліктің орталық аппаратының департаменттері мен бөлімдерін басқарды.

2009-2019 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде басшылық лауазымдарда, соның ішінде алты жылға жуық қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы болды.

2019-2020 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.

2020-2021 жылдары – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

2021 жылдың шілдесінен – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.


Калит сўзлар: Ақорда, Тағайындау,
Юқорига