Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жайлы TikTok жоба жасауға қолдау білдірді

21 Октябрь 2021 12:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша TikTok жоба туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Ақмола облысы поляктар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская патриоттық TikTok жоба жайлы идеясын ортаға салды.

«Сіз балаларды, өнерге, мәдениетке тартуға қатысты өте қызық ұсыныс айттыңыз. Мен бұл ұсынысты қолдаймын және облыс әкімдерін де үндеймін. Шынымен де балалардың халық театрларын ашқан сияқты мұндай жұмысты бастап көрейік те. Балаларымыздың арасында таланттылар өте көп. Күні кеше ғана Жезқазғанда болдым және балалардың өнердің сан түрімен, оның ішінде домбырамен айналысатынын көрдім. Бұл - қуантарлық жайт. Дегенмен, біз мұндай балаларға қолдау көрсетуіміз қажет. Ал олардың саны өте көп», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша TikTok жоба құру туралы ұсынысқа қолдау білдірді

«Сіздің өлкеміздің тарихы бойынша TikTok жоба құруға қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Шындығында бұл - өте жақсы жоба. Қазір жастар негізінен Іnstagram мен TikTok-та отырады. Бұл - біздің өміріміздің шындығы», - деді Мемлекет басшысы.


Юқорига