Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қармақшы ауданында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындар толықтай вакцина салдырды - Қызылорда

27 Октябрь 2021 05:30

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындар толықтай вакцина салдырды. Осылайша облыста мұндай межені орындаған екінші аудан қатарына енгізілді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ауданда жоспар бойынша екпе қабылдауға қабілетті 19178 адам бар екені есепке алынды. Бүгінде аталған меже толықтай орындалды. Бұдан бұрын мұндай межені Жалағаш ауданы тұрғындары толықтай орындап шыққан еді.

Аудан тұрғындары арасында 12 мыңнан астам адам «Спутник V» вакцинасын таңдады. Сондай-ақ, жұртшылық «CoronaVac», «QazVac», «Hayat-Vax» вакцинасы бойынша екпе қабылдады. Екпе қабылдаған азаматтар қатарында зейнеткерлер, медицина мамандары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, полиция және өзге де азаматтар бар.

Өңірде індет тіркелгеннен бастап 18639 адам коронавирус жұқтырды. Өткен тәулікте 11 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды (17865 адам). Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 197 науқас (жүктеме 35 пайыз), реанимациялық төсек-орында 26 науқас ем қабылдауда (жүктеме 34 пайыз). Қазіргі таңда №1 қалалық емхана, Жалағаш, Қармақшы аудандары коронавирусқа қарсы екпені салып аяқтады.

Бүгінгі таңда аймағымызда КВИ-ға қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылған.

Ведомство мәліметінше, облыста вакцинаның бірінщі компонентімен егілгендер саны – 355 594 адам. Ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 78,6 пайызын құрайды. Ал екінші компонентпен 286 447 адам (63,3 пайыз) қамтылды.


Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Қызылорда облысы, Коронавирус, Вакцина,
Юқорига