Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарқаралыда Тоқтар мен Әлиханның суреттері бейнеленген мурал пайда болды

17 Сентябрь 2021 01:20

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралыда екі үйдің қабырғасы Тоқтар Әубәкіров пен Әлихан Бөкейхановтың суреттерімен безендірілді. Жұмыстардың авторы – суретші Сәкен Дәулетбаев.

Тұңғыш ғарышкер және «Алаш» партиясының басшысының бейнесі Тоқтар Әубәкіров атындағы көшеде мәңгі сақталған.


«Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіров – есімдері тарихта алтын әріппен жазылған жерлестеріміз. Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл және Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толды. Осы даталар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай суретші Сәкен Дәулетбаев қалаға мурал суреттерін тарту етті», – деді Қарқаралы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.

Әлихан Бөкейханов бейнеленген үйдің ауласында сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Балалар алаңы, орындықтар орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, қырлы тас жол төселді.


Муаллиф Агата Мухамеджанова
Калит сўзлар: Мәдениет, Қарағанды облысы,
Юқорига