Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кәрім Мәсімов ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде

27 Январь 2022 15:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады», - делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

«К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Юқорига