Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады

16 Октябрь 2021 11:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ билігі 8 қарашадан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакциналанған барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ билігі коронавирусқа қарсы екпені салдыртқан барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді. Жаңа ереже 8 қарашадан бастап күшіне енеді.

Осылайша, Вашингтон тарихта Covid-19 эпидемиясы басталғанда енгізілген ең көлемді шектеулерді алып тастайды.

2020 жылдың қаңтарында Қытайдан Америкаға өтпек болған келушілер үшін шекара жабылып, кейін әлемнің басқа елдері де осындай тыйым салған болатын.


Калит сўзлар: АҚШ, Вакцина, Әлемдегі коронавирус,
Юқорига