Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаралы қаңтар: Адам құқықтары ұлттық орталығына 39 шағым түскен

26 Январь 2022 23:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Адам құқықтары ұлттық орталығына 39 шағым түсті. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардың 13-24 күндері аралығында өңірлік топтар Қазақстанның 16 өңіріндегі 81 тергеу, уақытша ұстау, қабылдау-тарату және арнаулы қабылдау орнында болды. Азаматтардан құқығының бұзылғаны туралы 39 шағым түсті. Оның ішінде 20-сы - зорлық-зомбылық таныту және қатігездік көрсетуге қатысты жазбаша шағым», -деді Эльвира Әзімова Еуропалық одақ елдерінің адам құқықтары жөніндегі 10 Елшісімен онлайн кездеу барысында.

Оның атап өтуінше, қалған шағымдар негізсіз ұстауға, әкімшілік жазаға тарту туралы сот шешімімен келіспеуге, медициналық көмек көрсетпеуге, адвокаттарды жібермеуге қатысты болды.

«Дегенмен, әлеуметтік желілерде құқық бұзушылыққа қатысты қоңыраулар мен хабарламалардың саны біршама көп. Кеше Бас прокуратура прокуратура органдарына құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жүргізу барысында тыйым салынған әдістер мен азаматтар құқығының бұзылуына қатысты 109 шағым түскенін жариялады. Тексеру нәтижесінде 21 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде біреуін ғана - арнаулы прокурор, ал қалған 20-сын - жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр», - деді ол.


Юқорига