Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық студенттер ұсынған екі стартап республикалық байқауда үздік болды

14 Май 2021 08:28

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды медицина университетінің командалары Tumar Student Business Challenge студенттік стартаптар мен бизнестер байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» бастамасы аясында үшінші рет өткізіліп отыр.

Биыл байқауға Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар қалаларынан 106 университет пен колледж командалары өз стартаптары мен жобаларын ұсынды.

Оның он бесі жеңімпаз деп танылды.

Қарағандылық медицина студенттері екі стартаппен шықты - әлеуметтік дәріхана және сауда автоматтары (вендингтік сауда) арқылы медицина мақсатындағы тауарларды сататын және бұйымдарды одан әрі кәдеге жарататын жергілікті компания.

Екеуі де үздіктер қатарына енді.

Әзірлеушілер Нұр-Сұлтанда өтетін Entrepreneurial Meetup-қа шақыру алды.

Барлық жеңімпаз командалар «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының резиденті болады және оның барлық бастамаларына қатыса алады.

Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі 2017 жылы ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының бастамасымен, Алматы менеджмент университетімен және Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығымен серіктестікте іске қосылды.


Юқорига