Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық оқушылар жасанды интеллект бойынша халықаралық байқауда жеңіске жетті

30 Ноябрь 2021 11:35

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық оқушылар Artificial Intelligence Journey жасанды интеллект және деректерді талдау бойынша Халықаралық конференцияның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласындағы №2 лицейінің 11 сынып оқушылары Даниил Кикимов пен Вадим Мажитов білім беру саласында технологиялық шешімдерді ұсынды және оқушылардың қызығушылықтарына байланысты контентті дербестендіруге мүмкіндік беретін әзірлемені таныстырды. Жоба үздік деп танылып, қазақстандық оқушылар «Білім берудегі жасанды интеллект» номинациясында абсолютті жеңімпаз атанды. Айта кетейік, зияткерлік жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 25 мыңнан астам оқушы қатысты.




Халықаралық конференция Мәскеуде өтіп, оған Ресей Федерациясының Президенті қатысты. Владимир Путин қарағандылық оқушыларға қызықты жоба үшін алғыс айтып, мотивация – білім беру үдерісіндегі табыстың міндетті шарты екенін атап өтті.

«Егер адамның оқитын пәнге деген қызығушылығы болса, онда нәтижеге қол жеткізетініне сенімді бола аласыз. Сіздердің әзірлемелеріңіз оқушылардың бойында мотивацияны, қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл керемет бастама!», — дей келе, Владимир Путин қазақстандық оқушыларға жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде байқау жеңімпаздары жасанды интеллектті сабақта қолдану оқушылардың мектеп пәндеріне деген ынтасы мен қызығушылығын арттыратынын атап өтті. Вадим мен Даниил олардың мазмұнды жекелендіру алгоритмі білім беру тиімділігін кем дегенде 10-15% арттырады деп санайды.




«Біз мектеп тапсырмаларының мәтіндерін мағынасын бұрмаламай және оқушының қалауына байланысты өзгерте алатын алгоритм жасадық. Математика мектебінде негізінен тапсырмалар беріледі, мысалы, велосипедші мен автомобильші туралы. Біз осындай көптеген есеп шештік және олардың ешқайсы есте сақталған жоқ. Сондықтан біз тапсырмалардың мазмұнын әртараптандырамыз деп шештік және оқушыларға мазмұнды қызығушылықтары бойынша таңдауға мүмкіндік беретін алгоритм жасадық. Мысалы, велосипедшінің орнына жануарлар немесе ғарыштық құрылғылар туралы тапсырмалар болуы мүмкін. Әр кілт сөз үшін бірнеше сөз таңдалады, олар тапсырманың жаңа нұсқасында ауыстырылады. Модель мәтінді талдайды және сөздердің формаларын екі рет тексереді: етістіктер етістіктерге, зат есімдерге сәйкесінше ауыстырылады. Бұл ретте біз кодтың сапасына және есепті шешу техникасына ерекше назар аудардық», — деді Artificial Intelligence Journey жеңімпаздары Вадим Мажитов пен Даниил Кикимов.


Калит сўзлар: Қарағанды облысы, Білім,
Юқорига