Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда атыс болды

28 Октябрь 2021 01:00

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда атыс болды. Әлеуметтік желіде екі ер адам арасында жанжал болып, қақтығыс соңы қарудан оқ атумен аяқталғаны туралы бейне жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде такси көлігінің жанында екі ер адамның арасында атыс болғаны туралы видео пайда болды . Кадрларда екі белгісіз ер адамдар арасында қақтығыс болғанын көруге болады. Сөзге келіскендер соңында төбелесе бастады. Нәтижесінде олардың бірі қару алып шығып, қарсыласына бірнеше рет оқ атқан. Оқиғаның неден басталғанын және жәбірленушінің жағдайы қандай екені әлі белгісіз. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.

«Ағымдағы жылдың 27 қазанында сағат 22.10 шамасында 35 жастағы такси жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы арасында төбелес болды. Факт полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оның себептері туралы қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Муаллиф Агата Мухамеджанова
Калит сўзлар: Қылмыспен күрес, Қарағанды облысы,
Юқорига