Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында әскери-спорттық ойындардың жеңімпаздары анықталды

8 Май 2021 08:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында білім беру ұйымдары мен әскери-спорт клубтары арасында «Ұлан» және «Алау» әскери-спорттық ойындары бойынша онлайн-жарыстар өтті. Жарысқа барлығы 126 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойындар Ұлы Жеңістің 76 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 29 жылдығына арналды.

«Ұлан» әскери-спорттық ойынында Сәтбаев қаласының №14 мектебі жеңімпаз атанды, екінші орынды Шет ауданының Бұрма мектебі иеленсе, үшінші орын Абай ауданының №9 мектебіне берілді.

«Алау» ойынында Шет ауданының «Ақсауыт» патриоттық клубы жеңіске жетті, екіншісі – Қарағанды қаласының №91 ЖОББМ және үшінші – Абай ауданының №9 ЖББМ бұйырды.

Үздік командалар «Сарыарқа дарыны» өңірлік балаларға арналған қосымша білім беру ғылыми-тәжірибелік орталығының кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.











Муаллиф Агата Мухамеджанова
Калит сўзлар: Қарағанды облысы, Спорт,
Юқорига