Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қар барысын сақтайық: Елордада экологиялық акция өтті

22 Октябрь 2021 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ел көлемінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қар барысын қорғау проблемасына назар аударуға арналған «Қар барысын сақтайық» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара 23 қазан - халықаралық қар барысы күні қарсаңында ұйымдыстырылып отыр.

«Соңғы 100 жылда Қазақстанда қар барысының мекендеу аймағы үш есеге қысқарды. Бүгінде аталған жануардың мекендейтін аумағы 20 мың шаршы метрден сәл ғана асады. Осы орайда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы қар барысын сақтап, қорғау және оны зерттеу үшін серіктестер ұйымдармен өзара бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күні Жетісу-Алатау ауданындағы Шолақ, Дегерес, Матай тауларында сирек кездесетін жыртқыштың мекендейтінін растау мүмкіндігі туды. Аталған өңірлерде барысты алғаш рет фототұзақ түсіріп алды», - деді БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш акция барысында.




Оның айтуынша, бүгінде елімізде қар барысының популяциясын қорғау және сақтап қалуға арналған бірнеше жоба қолға алынды.

«Жоба шеңберінде қар барысына қатысты далалық зерттеулер, браконьерлікке қарсы күрес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін құру көзделіп отыр. Сондай-ақ, адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырумен қатар, Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ол.

«Қар барысын сақтайық» акциясы «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» пен «Локомотив» хоккей клубы арасындағы матч кезінде ұйымдастырылып отыр.

Ойынды тамашалаушылардың назарына қар барысына арналған фотокөрме ұсынылып, келушілер арасында ұтыс ойындар мен балаларға арналған аквагрим шоу өтті.

Айта кетейік, аталған шара БҰҰ Даму бағдарламасының ұйытқы болуымен өтіп отыр.




























Муаллиф Әли Ибраев
Калит сўзлар: Экология, Нұр-Сұлтан,
Юқорига