Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қандай елдердің вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды

27 Октябрь 2021 18:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес бірқатар елдің вакцина паспорттары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», -делінген қаулы мәтінінде.


Юқорига