Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испанияда жанартаудан атқылаған лава 600-ге жуық ғимаратты қиратты

28 Сентябрь 2021 16:41

МАДРИД. ҚазАқпарат – Испанияның Пальма аралында (Канар аралдарының автономды қауымдастығы) жанартаудан атқылаған лава ағындары қазірдің өзінде 600-ге жуық ғимаратты қиратты. Бұл туралы сейсенбіде Канар аралдарының Вулканологиялық институты өздерінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«589 ғимарат қирады, 258 га аумақты лава ағындары жауып қалды, 21 км жол бүлінді», - делінген хабарламада.

19 қыркүйекте Эль-Пасо елді мекені аумағында Пальмада жанартау атқылай бастаған. Қауіпсіздік мақсатында 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Әзірге ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір билік лава ағындарының Пальма жағалауына жетуін күтуде. Әзірге ол жағалаудан 800-ден 1000 метрге дейінгі қашықтықта.

Жергілікті телеарналар кадрларынан лава ағындарының мұхитқа қарай қалай баяу қозғалып бара жатқанын көруге болады. Жанартау кратерінен аса үлкен түтін бағанасы көтерілуде.


Муаллиф Аяулым Алтынбек
Калит сўзлар: Әлем, Оқиға, Видео,
Юқорига