Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ГУЛАГ мұражайында Қазақстан мемориалдық аймағы бар Естелік бағы ашылды

11 Октябрь 2021 22:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ГУЛАГ мұражайында Қазақстан мемориалдық аймағы бар Естелік бағы ашылды. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары ГУЛАГ тарихы мұражайының естелік бағының ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап,

Естелік бағы- бұл мұражай экспозициясының жалғасы және ол серуендеуге және ойлануға арналған қоғамдық кеңістік іспеттес.

Оның мемориалдық бөлігі қамауда отырғызылған жерлерден әкелінген, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшырағандардың отбасы мүшелері отырғызған талдардан, тастар мен бұталардан тұрады. Бұл кеңістік жаппай қуғын-сүргін тақырыбын түсінуге бағытталған көркемдік және мемориалдық тәжірибе алаңына айналады. Онда арнайы жасалған көше мүсіндері мен инсталляциялары орналастырылып, ГУЛАГ тарихына қатысты ауқымды жобалар жүзеге асырылатын болады.

Бақшаның мемориалдық аймақтарының бірі Қазақстанға арналған. ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің дипломаттары 36 лагерінің 11-і Қазақ КСР аумағында болғанын, оның ішінде АЛЖИР, Степлаг, Карлаг – ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері болғанын атап өтті. Қуғын-сүргін жылдары 5 миллионнан астам адам Қазақстан лагерьлеріне жер аударылды.

Қазақ халқы тоталитарлық режим құрбандарын еске алады. 31 мамырда Қазақстанда жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Тарих оқулықтарында зұлмат жылдар туралы айтылады, кітаптар шығарылады, фильмдер түсіріледі, қалалар мен ауылдарда мемориалдық стелалар орнатылады, мұражайларда тиісті экспозициялар ұйымдастырылады. Мұның бәрі қоғам үшін бейбіт эволюциялық дамудың құндылығын түсіну үшін және мұндай оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеу үшін өте маңызды.




















Юқорига