Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футзалдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

20 Январь 2022 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдені алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футзалшылар бүгін Словениямен шеберлік байқасады.

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, аталған топта елорда уақытымен 01.30-да Италия және Финляндия құрамалары кездеседі.

Словения ортанқол құраманың қатарында саналады. Қазірге дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңінде бірде-бір мәрте бақ сынап көрген емес.

Еуропа чемпионатында 2003, 2010 жылдарда топтық кезеңнен аса алмаса, 2014, 2018 жылдарда 1/8 финалға дейін жетті.

Еске салсақ, қазақстандық құрама В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Италия, Словения және Финляндия.

Алдымен қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен кездессе, 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды.

Еуропа чемпионатында 19 қаңтарда А тобындағы Португалия Сербиядан 4:2, Нидерланды Украинадан 3:2 есебімен басым түсті.


Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига