Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан ӘЧ: ҚР Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

28 Сентябрь 2021 08:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,-делінген онда.

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысында екі мәрте бақ сынаған еді. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.

Калит сўзлар: Қазақстан Президенті, Спорт,
Юқорига