Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан кубогында VAR жүйесі қолданылады

28 Октябрь 2021 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының алдағы ойындарында VAR жүйесі қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осыған байланысты FIFA-ның ресми рұқсатын алды.

Қазіргі уақытта бірқатар отандық футбол төрешісі, оқудың барлық кезеңінен өтті. Аталған мамандар ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA-ның қажетті лицензиясын алды.

«Келесі маусымда Суперкубок, ел біріншілігі және кубок ойындарында қызмет көрсететін барлық төреші үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасуда.

Осы маусымдағы Кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді», - деп жазылған Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жартылай финалда «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі. Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді.

Финал 28 қарашаға белгіленген.


Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Қоғам, Футбол, Спорт,
Юқорига