Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

21 Октябрь 2021 00:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы 16 қарашада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Аталған ойын FIFA жолдастық кездесу күнтізбесіне енгізілген. Екі елдің футбол саласының басшылары бұл жөнінде ортақ шешімге келді.

Ойын 16 қарашада елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Тәжікстан құрамасы FIFA-ның соңғы рейтингінде 118 орында тұрса, Қазақстан 120-орынға жайғасқан.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

Еске салсақ, аталған кездесуге дейін ұлттық құрама 13 қарашада әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында сырт алаңда Франциямен кездеседі.

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Өз тобында қазақстандық құрама 3 ұпаймен бесінші орында келеді.

Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Тәжікстан, Футбол, Спорт,
Юқорига