Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Фукусима жарылысынан зардап шеккен Футаба тұрғындарына өз үйлерінде түнеуге рұқсат етілді

20 Январь 2022 13:10

ФУКУСИМА. Кyodo-ҚазАқпарат – Фукусима атом электр станциясының зақымдалған бөлігі орналасқан Футаба қаласында бейсенбіде кейбір тұрғындарға он жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет үйлерінде түнеуге рұқсат берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2011 жылғы 11 наурыздағы жер сілкінісі салдарынан «Фукусима дайити» атом электр станциясында болған, 1986 жылғы Чернобыль дағдарысынан кейінгі әлемдегі ең ауыр ядролық апат Футаба қаласының барлық тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр еткен еді.

Енді қабылданған бағдарлама бойынша қала тіршілігі қайта қайта жандана бастады.

Азаматтарды тұрғылықты орындарына қайтаруға дайындық аясында 780 гектарға жуық аумақта залалсыздандыру және инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл Футабаның жалпы аумағының 15 пайызын құрайды.


Калит сўзлар: Жапония, Әлем, Қоғам,
Юқорига