Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Фейк: Балаларды вакцинациялау ауылдан басталады

19 Октябрь 2021 15:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желіде таралған балаларды вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазнет қолданушылары елімізде балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған», делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі боа ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандықтар балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға байланысты фейктер бұған дейін де таралған. « COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейді « деген жалған ақпарат таралды. « Балаларды екпе алмаған ата-анасынан жасырын әкету үшін мектеп автобустары сатып алынды» - деген фейк жарияланды. Сондай-ақ, б алаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейді , о қушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қоюға мәжбүрлеп жатыр деген жалған ақпараттар таралды.


Калит сўзлар: Коронавирус, Коронавирус фейк,
Юқорига