Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Арандатушылыққа қарамастан Қазақстан халқы ауызбіршілігін жоғалтпады - Марат Әзілханов

18 Январь 2022 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арандатушылыққа қарамастан Қазақстан халқы ауызбіршілігін жоғалтпады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы кез келген заңға қайшы келетін әрекетке қарсы. Бұзақылық пен лаңкестікке жол жоқ. Арандатушылық әрекеттерге қарамастан Қазақстан халқы ауызбіршілігін жоғалтпады. Екіншіден, жаппай ереуіл күндері байланыстың болмауына қарамастан Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ассамблея мүшелері мен республикалық және аймақтық қоғамдық құрылым қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізді», - деді Марат Әзілханов.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері елді қалпына келтіру шараларына белсенді қатысып жатыр.

«Өңірлерде волонтерлік акциялар ұйымдастырылып, зардап шеккен жандарға көмек көрсетілуде. Сондай-ақ қайырымдылық шарасы да қолға алынды. Осы орайда «Ассамблея жастары» ұйымына алғыс айтқым келеді. Біздің волонтерлер жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қызметтегі құқық қорғау органдары қызметкерлері мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына ыстық тамақ ұйымдастырды. Одан бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалаларында белсенді азаматтар донор болып қан тапсырды. Жалпы барлық өңірлерде ел өмірін қайта қалпына келтіру жұмысы жалғасуда», - дейді ол.


Юқорига