Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан жүргізушілер жазаланды

24 Октябрь 2021 16:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бірнеше көлік жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған факті бойынша «Mercedes Benz» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткені үшін «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-тармағымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1 тармағы және 630-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.

Әкімшілік соттың шешімімен 22 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы бір «Mercedes Benz» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-тармағымен және 590-бабы 9-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Мұнан бөлек, «Toyota Camry», «BMW», «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілерінің үстінен де әкімшілік іс қозғалып отыр. Ал ұсталған көліктердің барлығы коммуналдық тұраққа қойылды.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Полиция, Заң, Оқиға, Көлік, Нұр-Сұлтан,
Юқорига