Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада крематорий құрылысы басталды

26 Май 2022 19:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада крематорий құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюро» нысаны бойынша қүрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сай жүргізілуде. Бүгінде нысан қазандығын қазу жұмыстары басталды», - деп атап өтті елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдік нысан құрылысына қанша қаражат қажет екендігін жария еткен жоқ. Бірақ крематорийдің Алматы ауданында салынып жатқанын атап өтті.

Есте болса, 2020 жылдың тамызында елордада салынатын крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге қажет екендігі айтылған-ды. Бұл нысан еліміздегі екінші крематорий болмақ. Ол Алматы қаласының Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды. Құрылысы ос ы жылдың наурыз айында аяқталды, құны - 1,3 млрд теңге.

Елімізге крематорийдің не үшін қажет екендігін ҚР Әділет министрлігінің сарапшылық жұмысын ұйымдастыру департаментіне қарасты Сот сараптамалары орталығының жұмысын бақылау басқармасының басшысы Темірболат Қожамжаров түсіндірген еді.





Юқорига