Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама тараған

11 Октябрь 2021 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хаттар келгені туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тексеру жүргізді, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ведомство азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.


Юқорига