Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 27 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алды

29 Июль 2021 20:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 27 мыңнан астам медқызметкер мемлекеттен үстемақы алды. Бұл туралы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қаңтар айында елордада 3 614 медицина қызметкеріне 1,29 млрд теңге сомасында үстемеақы, ақпанда 4 019 медицина қызметкеріне 1,36 млрд теңге сомасында үстемеақы төленді. Наурыз айындағы төлемдер сомасы 4 081 қызметкерге 1,55 млрд теңгені құрайды. Сәуір айында 5 759 медицина қызметкері 2,35 млрд теңгеден аса сомада үстемеақы алды. Мамыр айында 5 711 медицина қызметкеріне 2,64 млрд теңгеден аса сомада үстемеақы берілді. Және өткен маусым айында астаналық 3 947 медицина қызметкері 1,46 млрд теңгеге жуық сомада үстемеақыға ие болды. Барлығы осы жылдың І жартыжылдығында медицина қызметкеріне 10,65 млрд теңгеден аса үстемеақы төленді», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров ZOOM платформасында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін филиал басшысы астанада амбулаториялық медициналық қызметке бөлінетін қаражат көлемінің артатынын мәлім етті.

Одан бөлек, Нұрлыбек Қабдықапаров 150 мыңға жуық елорда тұрғынының тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында астаналықтардың 82,5%-ы МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылғаны айтылды.


Юқорига