Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еліміздегі ең үздік медбике анықталды

23 Январь 2022 01:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметкері Маржан Атагелдиева 2021 жылдың ең үздік медбикесі болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық байқаудың жүлдегері - Маржан Атагелдиева Талғар жоғары медициналық колледжін және Каспий қоғамдық университетін медбике мамандығы бойынша тәмамдаған.

Медицина саласында 19 жылдық тәжірибесі бар алматылық медбике Маржанның Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл.

«Республикалық байқау елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде өтті. Мен жеңіске әріптестерімнің үлкен қолдауының арқасында жеттім.Ұжымым маған көп көмектесті. Олар мені моральдық жағынан қолдады, мұндай қолдаудың берері көп», – дейді Маржан.

Медбикенің айтуынша, бұл байқау медицина саласында оның әрі қарай дамуына түрткі болды.

Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Алматы, Медицина,
Юқорига