Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 8 мыңнан астам теміржолшы коронавирус вакцинасын алды

14 Май 2021 09:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тек соңғы аптада 2 450 теміржолшы егілді. Вакцинациядан өткен қызметкерлердің барлығының жағдайы жақсы, жанама әсер байқалмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 13 мамырдағы жағдай бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да сегіз мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы екпе алған.

«Екпе қабылдау қарқыны бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС көш бастап тұр, ол мекемеде 3 800-ден астам қызметкер вакцина алды. Магистральдық желі дирекциясында 2,5 мыңнан астам адам, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 600-ге жуық қызметкер вакцинациядан өтті», делінген хабарламада.

Ең белсенді вакцинациялау компанияның Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы мекемелерінде жүргізіліп жатыр. Осы аймақтардағы ұлттық компания құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін мыңнан астам теміржолшы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды.

Тізім басындағы өңір қатарына 900-ге жуық болат магистраль қызметкері егілген Алматы қаласы да жақындап келеді.


Калит сўзлар: Медицина, Коронавирус, Вакцина, ҚТЖ,
Юқорига