Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 2 млн-ға жуық адам баспанаға мұқтаж – құрылысшылар одағы

24 Сентябрь 2021 13:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев елімізде қанша адамның баспанаға мұқтаж екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық бағдарламалар қысқарып жатқандықтан адамдардың қаражатқа қол жетімділігі нашарлауда. Мұқтаж адамдардың санаттары әртүрлі – көпбалалы, жетімдер, ауылды жерлерде тұратын, қалаға қоныс аударғып, жұмыс істегісі келетін адамдар бар. Біз олардың қалаға ағылуына тыйым сала алмаймыз. Ондай құқығымыз жоқ. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекке тұруға құқылы», - деді Талғат Ерғалиев одақтың жиында.

Оның айтуынша, аталмыш мәселені реттеу үшін жаңа бағдарламалар қажет.

«Сондықтан, адамдардың барлық санаттары үшін тұрғын үйге қолжетімділік тек белгілі бір санаттарда ғана емес шаруашылық жоспарлау кәсіпорындарында жұмыс істейтін жеке сектор өкілдеріне, мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлерге де арналған бағдарламалар әзірлеу қажет. Халықтың баспанаға мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жан-жақты қолдау керек», - дейді маман.

Ол, сондай-ақ, баспанаға мұқтаж адамдардың жалпы саны туралы мәлімет айтты.

«Тұрғын үйге мұқтаж адамдар туралы айтсақ, бұл шамамен 2 млн адамдай болады. Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретін адамдарға қаржыландыру қажет. Айталық, бастапқы жарнаны 5% мөлшерінде, ал қалған қарызды олар 15-20 жыл ішінде төлей алатындай е бағдарлама қажет», - деп түйіндеді Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы.


Юқорига