Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Электронды саудадан қанша қазақтандық зардап шекті

22 Июнь 2021 15:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды коммерцияда құқық қорғауды жетілдіру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия электронды коммерцияда құқықтарды қорғауды жетілдіру қажетілігін көрсетті. Тек 2020 жылы министрлікке интернет-дүкендер мен онлайн қызметке байланысты 689 адам жүгінді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 13,2 млн теңге қайтарылды», - деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, 2021 жылдың бес айында 556 адам жүгінген, оларға 7 млн теңге қайтарылды.

«Осыған байланысты тұжырымдама жобасында бөлек бөлім қарастырылған. Онда электронды сауда тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейту тетіктері ескерілген. Осы орайда электронды сауда қатысушыларының құқықтары мен міндеттері нақты айқындалады», - деді министр.

Осы орайда ол аталған тұжырымда жобасын талқылауға қатысуға шақырды, құжат министрлік сайтында орналастырылған.


Юқорига