Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін сәтсіз аяқтады

7 Май 2021 18:23

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Қазан қаласында әлемдік Grand Slam додасы қазақстандық дзюдошылар үшін аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде белдескен қазақстандық балуандар іріктеу кезеңінде ширек финалға жете алмады.

90 келіде Ислам Бозбаев германиялық Эдауард Триппелге жол берді.

Дәл осы салмақта сынға түскен Айдар Арапов израильдік Ли Кочманнан ұтылды.

Ал 100 келдіде Бекарыс Сәдуақас екінші белдесуінде ресейлік Нияз Биляловтан жеңілді.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев Влэдуц Симьонескуге (Румыния) есе жіберді.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы рейтингтік Grand Slam додасын екі қола жүлдемен аяқтады.

Жарыстың алғашқы күнінде оны 60 келіде Дәурен Сүйеукенов пен 66 келіде Есет Қуанов жеңіп алған болатын.

Калит сўзлар: Спорт,
Юқорига